Ұран – «Сен өмір сүр – басқалары да өмір сүруі керек»

 

Бұл көп мағыналы сөзді білдіреді. Ұран, АҚТҚ-мен жұқпаланғандар өмір сүре алады да өмір сүрулері тиіс деген мағынада АҚТҚ-мен жұқпалағандарға айтылған. Ол ЖҚТБ-ның пандемиясында басты қауіпті топ болып табылатын жастарды салауатты өмір салтын сақтауға, есірткіден, қауіпті байланыстардан бас тартуға шақырады. Бұл ұран жасы үлкен ұрпаққа да қатысты. Өмірде көп тәжірибесі және білімі бар адамдар жастарды қауіпті тәртіптен сақтауға, оларға АҚТҚ/ЖҚТБ өмірді талқандайтынын, өзімен қоса ауыртпалық пен үрен әкелетінін үнемі ескертіп отыруы тиіс.

Тарихи анықтама:

 

Бастапқы Ақмола облысының  Әкімі А.Браунның «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы  аудандық Орталықты ашуы жөнінде»  шешімімен 1996 жылдың 21 маусымындағы №60  шешімімен Акмола қаласында Ақмола аудандық ЖҚТБ Орталығы ашылды, оны А.С.Лебедев басқарды.

Қалалық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталық Ақмола аудандық ЖҚТБ Орталық базасында 1999 жылы ұйымдастырылған.

Қалалық ЖҚТБ орталығының жұмысы  нормативті-құқықтық актісі, құжаттары, АҚТҚ/ЖҚТБ мәселесі бойынша мекемелерінде және органдардың қызмет регламентімен  сәйкес жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз

 

Астана қаласында АҚТҚ-жұқпасы індеті, тұтас Қазақстандағыдай, осал топты тұрғындар арасында, әсіресе есірткіні инемен тұтынушылар (ЕИТ), сонымен қатар бас бостандығынан айырылғандар арасында шоғырланған. ЕИТ үлесіне барлық аурулар оқиғасынан 65% пайызын құрайды. Жұқтыру есірткіні енгізу үшін ортақ шприцтерді пайдалану барысында инъекциялық жолмен жұғады. Жұқтырылғандардың төрттен бір бөлігі ретсіз жыныстық қатынасқа түсушілер мен сексуалды қызмет көрсетуші тұлғалардан, әғни секс қызметкерлерінен тұрады. АҚТҚ-жұқтырылғандардың жартыға жуығы жұмыс істемейтін, асоциалдық өмір салтын жүргізетін тұлғалар.

Алайда 2009 жылдан бастап АҚТҚ-жұқпасының көрінісі шын мәнінде өзгерді. Ол тек қана осал топтың үлесі болудан қалды. Соңғы жылдары аурудың айырықша ерекшеліктері дені сау әлеуметтік топтағы тұлғалардың жұқтырылғандар санына қосылуы болып табылады. Індеттің феминизациясы және гетеросексуализациясы (жыныстық жолмен берілудің артуы) байқалады.

Яғни, індет процессіне тартылған әйелдердің саны өсуі назар аударуда. Егер бұрын еркектер жалпы АҚТҚ-жұқтырылғандардың 70% пайызын құраса, қазіргі таңда әйелдер мен еркектер арасындағы үлесі 1:1.

Соңғы жылдары АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілу көрсеткіші тұрақты жоғары түрде тіркеліп келеді (50 пайыздан 65 пайызға дейін). АҚТҚ-ның қорғалмаған гетеросексуалды қатынас арқылы жұғуы 2,5 есеге инъекциалық жұғудан артады (есірткіні тамырға егу кезінде лас, пайдаланылған шприцтерді қолданған жағдайда). Әйелдер арасында жыныстық жолмен берілу қазіргі уақытта басым болып табылады. Әйелдердің жұқпалануы АҚТҚ-жұқтырылған жыныстық серіктестерінен, есірткі тұтынушылардан және ретсіз жынысқа түсушілерден пайда болады.

Сонымен бірге, АҚТҚ-жұқтырылғандардың ішінен 40 және одан жоғары жастағы ересек топтың артуы болып отыр, бұл ересек тұрғындардың АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері туралы білімінің төмендігін көрсетеді.

2009 жылы қызметкерлер арасында АҚТҚ-жұқпасының өсу үрдісі байқалады, олардың салмағы 10% пайызды құрайды.

Жас және орта жастағы отбасын құрмаған, тұрақты жыныстық серіктестері жоқ қызметкерлер, АҚТҚ-жұқпасы таралған жезөкшелердің қызметін көп пайдаландатын болып отыр.

Танымайтын бөтен адаммен қорғалмаған жыныстық қатынас-білімсіздіктің, өзінің және жақындарының денсаулығына деген жауапсыздықтың нәтижесі.

АҚТҚ-жұқпасы - жүріс-тұрыс ауруы. Одан қорғану оңай, ал емделу қиын. Әр заманауи, ақылды адам үшін презерватив мәдениеттің бір бөлігі болуы тиіс, әрдайым өзімен бірге, қалта орамалымен қатар болуы қажет!

 
free-templates.ru